Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті қобда ауданы күндеріне қатысады

Жұбанов университеті қобда ауданы күндеріне қатысады

2017 жылдың 21-22 шілде күндері Ақтөбеде Қобда ауданының күндері өтеді. Батырлар мекені аталатын Қобда жері — құт дарыған, берекесі тасыған, тарихы терең шежірелі өлке. «Туған жерім – нұрлы елім» атты Ақтөбе облысы аудандарының күндері аясында өткізілетін Қобда ауданы күндері барысында бірқатар мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Қобдалықтар төл күндерін «Халқымның қарапайым бір ұлымын» атты Алтынбек Әкімжанов көшесінің мерекесімен бастамақ.

Қобда ауданы күндері барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің басшылығы мен ұжымы да өз үлестерін қосады.

Университет 2017 жылдың шілде айының 22-сі күні Қобда ауданы күндерінің бағдарламасы бойынша:

Сағат 10.00-де «Әлия – ерліктің мәңгі алауы» Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова даңғылы мерекесінің бағдарламасы бойынша «Салауатты ұрпақ – ел болашағы» Ә.Молдағұлова даңғылында орналасқан мекемелердің қызметкерлері мен көше тұрғындарының қатысуымен велошеру және «ЦУМ» сауда кешені алаңында «Спорт – достық көпірі» атты ұлттық спорттық ойындардан (қазақша күрес, гір көтеру, қол күрес, арқан тарту) жарыстарға қатысады.

Ал, сағат 11.00-де Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова ескерткіші жанындағы мәдени шаралар: «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» атты митинг пен ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне атсалысады.