Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбановшылар «Серпін» бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге кетті

Жұбановшылар «Серпін» бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге кетті

«Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс – шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болмақ. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасын ұсынған болатын. Жобаның мақсаты – Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттігін арттыру, аймақтар бойынша талап етілетін мамандықтарға кәсіби мамандарды даярлап оқыту, сонымен қатар ауыл жастарын және әлеуметтік әлсіз топқа жататын жастарды қолдау болып табылады.

Осы орайда, университеттің Маркетинг орталығының бөлімдері де талапкерлерді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне оқуға шақыруда белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Университетімізге қызығушылық танытатын оқушылармен жұмыстану мақсатында, Білім жəне ғылым министрлігінің хатына сəйкес жұмыс тобы жасақталып, әр өңірлерге іссапарлар жоспарланған болатын. Сол жоспарға сәйкес Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 2017 жылдың 23-31 шілде аралығында «Серпін» бағдарламасы бойынша талапкерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге баратын университет өкілдері жолға шықты.

Іс-сапар мақсаты — «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша арнайы гранттарын тағайындау жөніндегі конкурста енгізілген өзгерістер, биылғы педагогикалық мамандықтарға арнайы емтихан тапсыру қажеттігі туралы талапкерлерге насихаттау, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-не 2017 жылғы талапкерлерді оқуға шақыру, университеттегі мамандықтар бойынша толық ақпарат беру.

«Серпін» бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ауқымды өткізіп, студенттер қатарын нығайту үшін үлес қосады деп сенім білдіреміз!