Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Біздің студентіміз Польшада екі алтын медальға ие болды

Біздің студентіміз Польшада екі алтын медальға ие болды

21 наурызда Польшада студенттер арасында облыстық жүзу жарысы өтті. Быдгощ қаласының Экономика университетін атынан Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті, қазіргі кезде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша осы оқу орнында оқып жүрген, Қазақстан Республикасының спорт шебері Максим Бурлачко  қатысты. Экономика Университеті атынан бұл сайысқа барлығы 10 студент қатысқан болатын Максим 50 метрлік брасс әдісімен жүзуден және 4х50 кешенді жүзуден екі алтын медальді иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша Экономика университеті жалпы есепте бірінші орынды жеңіп алды.