Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Халықаралық байланыс > Біздің магистранттар Белоруссия елінде тағылымдамадан өтті

Біздің магистранттар Белоруссия елінде тағылымдамадан өтті

Ынтымақтастық бағдарламасының негізінде, магистранттар А.С.  Истляуп және Б.К. Юсупова  үстіміздегі жылдың 10 – 19 наурыз аралығында Я. Купалы атындағы ГрМУ физика – техникалық факультетінде тағылымдамадан өтті. Іс-тәжірибе барысында физика–техникалық факультеттің молекулярлық спектроскопия және наноқұрылымдар оптикасы ғылыми–зерттеу лабораториясы негізінде наноқұрылымдарды заманауи зерттеу әдістері бойынша практикум орындап, спектрлік талдаудың түрлі әдістерін меңгерді.

Тағылымдама жетекшілері жалпы физика кафедрасының профессоры Наталья Стрекаль және жалпы физика кафедрасының доценті Инна Мотевич.