Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының филиалы ашылды

«Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының филиалы ашылды

Бүгін Ақтөбе қаласындағы №40 орта мектепте  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті физика-математика факультетінің «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының филиалының  салтанатты түрде  ашылды.  Шара «Информатика» мамандығының 4-курс студенті, жас ақын Әбді Елжас  «Арнау» өлеңімен бастады. Филиалдың ашылуы  физика-математика факультеті, информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұжымына  үлкен қуаныш.

Шарада   мектеп директоры Б.У. Сарин,  директордың орынбасарлары: А.О.Қалдыбаева, А.Х.Бекмуханова,  информатика пән оқытушылары: Н.Р.Бекмухамбетова, М.С.Есбусинова, Н.М.Жаманова, А.Б.Қызылбай,   факультет деканы физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н.Мясникова, кафедра меңгерушісі, ф-м.ғ.к, доцент  С.М.Сарсимбаева, әдіскерлер —  п.ғ.к., доцент А.М.Байғанова, п.ғ.к, аға оқытушы А.О.Әлиева, техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ж.Қ.Убаева және 5В011100-Информатика мамандығының 3, 4 курс студенттері  қатысты.

ЖОО басшылығы  атынан мектептегі филиал ұжымына ескерткіш-сыйлық тарту етілді.