Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кәсіби бағдар беру жұмысы Құршасай орта мектебінде өтті

Кәсіби бағдар беру жұмысы Құршасай орта мектебінде өтті

Бүгін  Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Кәсіби бағдар беру тобы  № 58 Кұршасай орта мектебінің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге 11-сынып оқушыларынан 15 мектеп бітірушілер, ата-аналар және мектеп мұғалімдері қатысты.  Кездесуді  №58 Кұршасай орта мектебінің оқушылары патриоттық әндер орындаумен ашты. Сонымен қатар,  «Музыкалық білім беру» мамандығының 1-курс студенті Жұбаныш Көжекбаев  «Қазақстан»  әнін орындады. Кездесу барысында экономика және құқық факультетінің кәсіби бағдар беру өкілі   Ж.Т.Шакеева сөз сөйлеп, ол сөзінде оқушыларды университеттің факультеттері, мамандықтары, материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Содан соң қабылдау  комиссиясының жауапты хатшысы  Н.М.Бердыбаев сөз алып, ол мектеп бітірушілерді  оқуға  қабылдау шарттарымен таныстырды. Сондай-ақ, мектеп бітірушілер тарапынан Нұржан Махсатбайұылына  университетке тусу туралы сұрақтар қойылып,  сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.

Кездесу соңында мектеп бітірушілер  әр  факультеттің кәсіби бағдар беру өкілдерімен кездесіп,  мамандықтар туралы  өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.