Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде облыстық деңгейдегі әдістемелік семинар өтті

Жұбанов университетінде облыстық деңгейдегі әдістемелік семинар өтті

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің тарих факультетінде «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру – сапалы білім кепілі» тақырыбында Облыстық – әдістемелік семинар жоғары деңгейде өтті.

Семинарға университет әкімшілігі, факультет декандары, факультеттердің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағалары, практика базаларының және жұмыс беруші кәсіпорындардың өкілдері мен түрлі мемлекеттік кәсіпорындарында, білім ошақтарында басшылық қызметтегі үздік түлектер облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары, тарих магистрі А.Қ.Ержанов, Ақтөбе гуманитарлық колледжі тарих пәні мұғалімі, тарих магистрі — Е.Қ.Қалышев, Хромтау қаласындағы №6 гимназия директоры – Г.О. Мукашева, Ақтөбе қаласының №25 ОМ  география пәнінің мұғалімі — Л.В. Денисенко шақырылды. Факультет ПОҚ семинарда 4 шеберлік-класын, 2 — ғылыми-әдістемелік үйірме жұмыстарын, 1-коучинг өткізіліп, , 4 жаңадан мамандандырылған кабинеттер мен оқырман алаңының презентациясын жасады.