Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін «Жұбанов кітапханасы» сериясының алғашқы онтомдығының таныстырылымы өтті

Бүгін «Жұбанов кітапханасы» сериясының алғашқы онтомдығының таныстырылымы өтті

Бүгін Жұбанов университетінде «Жұбанов кітапханасы» сериясы бойынша Наурыз мерекесіне орайластырылып шығарылған кітаптардың алғашқы он томдығының таныстырылымы өтті.

Таныстырылым рəсіміне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жобалау офисінің бас менеджері Нурлыхан Хасенов, монография авторлары және БАҚ өкілдері қатысты.  Жаңа кітаптармен таныстыру барысында университеттің ғылым және инновациялар бойынша проректоры Р.Бекназаров бұл шараның Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған істер нəтижесі екенін, кітап авторлары қазақтың тұңғыш лингвист-ғалымы Құдайберген Жұбановтың тұжырымдарына сүйене отырып, латын əліпбиіне өту əдістемесіне, үштұғырлы тіл біліміне байланысты инновациялық ойларын баян еткендері жайында, шығармалардың ішінде өңірдің тарихы мен этнографиясына байланысты құнды деректі кітаптар бар екенін айтып өтті. «Жұбанов кітапханасы» сериясымен барлығы 100 том кітап шығарылатын болады.