Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің жатақхана студенттері арасында спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өтті

Жұбанов университетінің жатақхана студенттері арасында спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өтті

Аталған шараны университеттің кәсіби-шығармашылық факультеті ұйымдастырды.

Ең алдымен студенттерден құралған командалар волейбол жарысынан сайысты. Нәтижесінде бірінші орынды №2 жатақхананың «Жеңіс» командасы, екінші орынды №3 Жастар үйінің «Жігер» командасы, үшінші орынды №1 жатақхананың «Сұңқар» командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ, арқан тарту, гір көтеру, қол күрес секілді ұлттық спорт ойын түрлерінен де жарыс ұйымдастырылды. Қорытындысы бойынша 24 кг салмақтағы гір көтеру бойынша бірінші орынды «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті Нағашыбай Әкімбаев, екінші орынды «Құрылыс» мамандығының 2-курс студенті Жанарыс Битуғанов, үшінші орынды «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Талғат Абенов иеленді.

Қол күрес бойынша бірінші орынға техникалық факультетінің 4-курс студенті Алмасбек Рахманбердиев, екінші орынға физика-математика факультетінің 2-курс студенті Нуржан Адилов, үшінші орынға кәсіби-шығармашылық факультетінің 2-курс студенті Талғат Абенов ие болды.

Жарыс жеңімпаздары университет кәсіподақ ұйымы бөлген қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Сайысты ұйымдастыру барысында сондай-ақ, жатақхана студенттеріне «Салауатты өмір салты —  денсаулық кепілі» тақырыбында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушысы Б.К.Бақытжанова, «Зиянды дағдылардан аулақ болу» тақырыбында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Т.А.Ботағариев дәріс оқыды.