Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Болашақ дизайнерлер Республикалық пәндік олимпиададан жүлдемен оралды

Болашақ дизайнерлер Республикалық пәндік олимпиададан жүлдемен оралды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Сәулеттік дизайн» мамандандыруы бойынша Х Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Аталған олимпиадаға университетіміздің кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттерінен құралған «Алмаз» командасы қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді. Команда капитаны «Дизайн» мамандығының 4-курс студенті Жігер Кенжеғалиев болды. Топтың ғылыми жетекшісі — педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Сағымбаев.