Вторник, Май 30, 2023
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің студенттері кәсіби шеберліктерімен бөлісті

Жұбанов университетінің студенттері кәсіби шеберліктерімен бөлісті

«Үйрен-бөліс» жобасының нәтижесінде студенттердің «Кәсіби шеберлікке үйренеміз» атты байқауы өз жұмысын бастады. Бұл жарысты «Назарбаев Зияткерлік мектебі» автономиялық білім беру ұйымымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті арасында жасалған меморандум негізінде университеттің «Үздіксіз білім беру» Институтының «Қосымша білім беру» орталығы ұйымдастырды.

Алғашқы болып өз шеберліктерімен «Информатика» мамандығының 3-курс студенттері бөлісті. Келесі кезекте «Математика», «Химия», «Биология» мамандығының студенттері шеберліктерін танытпақ.