Суббота, Октябрь 1, 2022
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде «Инноватор-оқытушы» байқауы өтті

Жұбанов университетінде «Инноватор-оқытушы» байқауы өтті

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы аясында «Инноватор-оқытушы» байқауы өтті. Аталған байқауда оқытушылар студенттермен біргелікте өздерінің стартап-жобаларын қорғады.

Байқауға Almaty Management University инновация және кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры Ксения Южанинова, Тель-Авив университеті достар Ассоциациясының вице-президенті Сания Арапова,  ERG Евразиялық тобының өкілі Фатима Косаева және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері  Асаухан Бекжан әділқазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды «Eco Sweet» жобасы жеңіп алды. (Ғылыми жетекшісі – экономика ғылымдарының докторы, профессор Халел Кусаинов, қатысушылар – Досым Оспанов, экономика және құқық факультетінің студенттері Альбек Бузаев, Нұрымжан Мұхтаров, Хакимжан Мұхтаров).

Екінші орынды «Дұрыс тамақтану кафесі» жобасы иеленді. (Ғылыми жетекшісі – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Зауреш Иманбаева, қатысушылар– экономика және құқық факультетінің студенттері Гүлнұр Бегеева, Асем Тайрбекова).

Үшінші орын  «Шырайгүл өсімдігін тиімді жолмен өсіру» жобасына бұйырды. (Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Айгуль Калиева, қатысушы – жаратылыстану факультетінің студенті Жамиля Нургалиева).

Жеңімпаз оқытушылар мен студенттер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орынға – 100 мың, екінші орынға – 70 мың, үшінші орынға – 50 мың теңге табыс етілді.

 

Сонымен қатар 30 мың теңге көлеміндегі қосымша сыйлыққа «Су құрылғысы» жобасы (Ғылыми жетекшісі — Нурия Айкенова, қатысушы – Нурмахамед Жансериков), «Конструктор» мобильді қосымшасымен «Дұрыс тамақтану» + табиғи және дәмді тамаққа онлайн-тапсырыс» жобасы ( Ғылыми жетекшісі – Айгүл Ниязбаева, қатысушы – Зульфия Щербакова), «Жас келіндер» мектебі (Ғылыми жетекшісі – Жазира Оразаева, қатысушылар – Гүлназия Ағытаева, Сания Жұмабаева, Айдана Нураддинова, Диана Тасқымбаева, Іңкәр Ішберген) ие болды. «Coffelino» жобасы айырықша марапатқа ие болды. ( Ғылыми жетекшісі – Еркегүл Семинар, қатысушы – Адлет Доштияр). Жобаны орындаушы тарих факультетінің студенті Адлет Доштияр ERG и AlmaU қаржыландыруымен 2018 жылдың тамыз айында жазғы лагерде оқытудан өту мүмкіндігіне ие болды.