Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасының бірінші кезеңінің қорытындысы өтті

Жұбанов университетінде «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасының бірінші кезеңінің қорытындысы өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті базасында «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» Евразиялық тобы жобасының бірінші кезеңінің қорытындысын шығаруға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге «Ақтөбе облысы кәсіпкерлікті басқару» ММ жетекшісі А.Н.Даржанова, «Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы» ММ жетекшісінің орынбасары, «Евразиялық топ» ЖШС корпоративтік коммуникация директоры Ф.К.Косаева, Almaty Management University  инновация және кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры К.Южанинова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жетекшісінің орынбасары А.Е.Байдаулетова, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Б.С.Асаухан, Тел-Авив университеті достар Ассоциациясының вице-президенті С.Арапова, Almaty Management University  инновация және кәсіпкерлікті дамыту орталығы жобасының жетекшісі А.Кабулова, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Р.А.Бекназаров, кәсіпкерлік жобасының жетекшісі М.К.Есетова, инновация және кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры А.Т.Шетиева қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілі  Д.Б.Кунанова болды.

«Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы 2017 жылдың наурыз айында студенттерді кәсіпкерлікке тарту, дамыту мақсатында жүзеге асқан болатын. Жобаға барлығы тоғыз жоғары оқу орны қатысты: 8 жоғары оқу орындары және 1 колледж. Оның ішінде Ақтөбе облысы бойынша Жұбанов университеті мен Ақтөбе политехникалық колледжі бар.

Өткен жылда барлық қатысушы жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік деңгейі анықталып, әр жоғары оқу орнының мықты тұстары анықталды. Жоба барысында «Инноватор-оқытушы» байқауы өткізіліп, оқытушылар кәсіпкерлікті дамыту жобасын құрастыра отырып, студенттермен командалық жұмыста өздерін де кәсіпкер ретінде сезіне білді.

Дөңгелек үстел отырысында Ф.К.Косаева және К.Южанинова алдағы жоспарларымен бөлісіп, қатысушыларды өткізілетін шаралармен таныстырды. Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі.