Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Экономика және құқық факультетінің декан кубогі – 2018» алғашқы қазақша КТК ойындары өтті

«Экономика және құқық факультетінің декан кубогі – 2018» алғашқы қазақша КТК ойындары өтті

Жұбанов университетінде белсенді студенттерді қолдау және факультетаралық байланысты нығайту мақсатында алғашқы рет «Экономика факультетінің декан кубогі – 2018» қазақша КТК ойындары өтті.

Аталған шарада университетіміздің Педагогика факультетінің «Әйгілі төрттік» командасы, Жаратылыстану факультетінің «FREEDOM» командасы, Техникалық факультеттің «ИТФ құрамасы» командасы, Физика-математика факультетінің «FM» командасы, Тарих факультетінің «Ерекше» командасы, Экономика және құқық факультетінің «Шоколад» және «Экономкласс» командалары өзара бақтарын сынасты.

Ойын қорытындысы бойынша Бас жүлде «Экономика факультетінің декан кубогі – 2018» жаратылыстану факультетінің «FREEDOM» командасына бұйырды. Жүлделі екінші орынды «Экономкласс» командасы иеленді, ал  «Әйгілі төрттік» командасы үшінші орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаз және қатысушы командаларға Экономика және құқық факультетінің деканы атынан ақшалай сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді.