Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбановтардың ғылыми мұралары насихатталды

Жұбановтардың ғылыми мұралары насихатталды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жұбановтану ғылыми – зерттеу орталығында Жұбановтардың ғылыми мұралары жайында дәріс өткізілді. Дәрісті Жұбановтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтар Миров жүргізді. Шараға қаламыздағы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледж оқушылары, ұстаздары және филология факультетінің 1 курс студенттері қатысты.

Дәрісті өткізудегі мақсат – студенттерге Жұбанов мұралы жайында кеңінен мағлұмат беру. Дәріс барысында текті әулеттің ғылыми мұралары туралы жан-жақты ғылыми ақпарат берілді. Жұбановтар туралы дайындалған мультимедиалық энциклопедия таныстырылымы өтіп, деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, келген қонақтар Жұбанов музейін аралап, ондағы тарихи деректермен танысты.