Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер Жұбанов жылуын сыйлады

Студенттер Жұбанов жылуын сыйлады

Жұбанов университетінің студенттерінің «Жұбанов жылуы» волонтерлық қаладағы «Жайна» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру стационарына барып,  қайырымдылық шарасын өткізді.

Мақсаты – ерекше бүлдіршіндердің көңіліне қуаныш сыйлау.

Шара барысында стационардағы ем алып жатқан балалардың сабақтарына қажетті сылдырмақтармен (музыкалық аспап), ойыншықтар тарту етілді.  Студенттер балалармен бірге ойын ойнап,  сурет салып, ән айтып, бірге демалды.  Қайырымдылық шарасын өткізген студенттердің жүрек жылуы жас достарының есінде айрықша күн ретінде қалатын болады.