Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылым апталығының күнделігі — бірінші күн

Ғылым апталығының күнделігі — бірінші күн

Студенттердің ғылым апталығының күнделігі

9-13 сәуір

9-шы сәуір

9.00-9.30 — Факультеттерде, ғылыми-зерттеу орталықтарында «Ғылым апталығы – 2018» шарасының ашылу рәсімі  өтті.

10.30-12.30  — №5 оқу ғимараты, №309 аудиторияда  «Корпоративті басқару және қаржылық талдау» дөңгелек үстелі болды.

11.00-13.00 – Бас оқу ғимараты, №523 аудиторияда «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтары студенттері арасында «Ғылыми психологияның пайда болуы», «Адам және әлем» тақырыптарында қабырға газеті конкурсы өткізілді.

11.20 – 12.20 — №5 оқу ғимараты, №107 аудиторияда Экономика және құқық факультетінің белсенді және үздік студенттерінің слеті өтті.

11.30 -13.00 — №6 оқу ғимараты, «Абайтану» ҒЗОсында  Абайтану дәрістері сериалы өтті (лекторы: филология ғылымдарының докторы, профессор Б.А.Ердембеков).

12.00-14.00 — №3 оқу ғимараты, №5 аудиторияда Математика мамандықтары бойынша пәндік олимпиада өтті.

12.40 – 14.30 — №2 оқу ғимараты, №211 аудиторияда «Ортағасырлық және Жаңа заман Қазақстан тарихы» мен «Батыс, Шығыс елдерінің тарихы» бойынша пәндік олимпиада өтті.

12.40 -13.40 — №2 оқу ғимараты, №302 аудиторияда  «Білім берудегі жаңа сапа: үштілділік Президент Жолдауы аясында қазіргі білім берудің басым бағыттарының бірі ретінде» атты дөңгелек үстел өтті.

12.40- 14.40 — №5 оқу ғимараты, №149 аудиторияда «Маркетингтік зерттеу» пәнінен олимпиада  өтті.

12.40 -14.30- №2 оқу ғимараты, 218 аудиторияда «Тәуелсіздік дәуірі» атты университетішілік ғылыми-практикалық конференция өтті.

14.00-15.00- №6 оқу ғимараты, №411 аудиторияда Кафедра бойынша лингвистикалық үйірмелердің ашық отырысы болды.

14.00-15.00 — №6 оқу ғимараты, №412 аудиторияда мерейтойлы тілші-ғалымдардың ғылыми өмір жолы мен еңбектеріне арналған ғылыми дискуссия (А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ш.Х.Сарыбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев,К.Аханов, Т.Сайрамбаев,Б.Хасанов) өтті.

14.00-15.00 —  №3 оқу ғимараты, №120 «В» аудиторияда  болашақ мамандарды дайындаудағы «Теориялық механика» пәнінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

14.00-15.00 — Бас ғимарат, № 603 аудиторияда «Ботаник» ғылыми үйірмесінің  шеберлік сағаты өтті.

14.00-15.30 — №5 оқу ғимараты, №309 аудиторияда «Қазақстан Республикасындағы терроризмнің өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

 14.00-16.00  — Бас ғимарат, №319, 325 аудиторияларда «Мектепке дейінгі және арнаулы білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері» тақырыбында секция мәжілістері өтті.

14.00-16.00 — Бас оқу ғимараты, №221 аудиторияда студенттер шығармашылық жобаларын қорғады.

14.00 -16.00 – №3 оқу ғимарат, №21 аудиторияда «Физика» мамандықтары бойынша пәндік олимпиада өтті.

14.30-16.30 — №6 оқу ғимараты, №218 аудиторияда  Ағылшын және неміс тілдерінен пәндік олимпиаданың 1 туры: лексика-граматикалық тест өткізілді.

15.00-16.00 — Бас оқу ғимараты, №326 аудиторияда «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарында білім алып жатырған магистранттардың өзіндік жұмыстарын  әлеуметтік желі арқылы ұйымдастыру мәселелерін талқылауға  Польшаның Гданьск университеті студенттері  скайп байланысы арқылы  қатысты.

15.00 -16.00 — №2 оқу ғимараты, №102 аудиторияда «Қазақ мәдениетіндегі діни тұлғалар тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті.

15.00-16.00 — №3 оқу ғимараты, №31 аудиторияда «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалды ойыны өткізілді.

15.00 -17.00  — Бас оқу ғимараты, Қ.Жұбанов ат. конференц залында   «Ғылым қайнары» ғылыми жобалар байқауы өтті.

15.00-17.00 — Бас оқу ғимараты, №216 аудиторияда  «Адам, қоғам, ғылым» студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру дөңгелек үстелі өтті.

15.00-17.00 — №3 оқу ғимараты, №4 аудиторияда «Математика» мамандықтары бойынша математикалық квест өтті.