Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін техникалық факультетте жаңа конференц зал және мамандандырылған арнайы кабинеттер ашылды

Бүгін техникалық факультетте жаңа конференц зал және мамандандырылған арнайы кабинеттер ашылды

Бүгін ашылған техникалық факультеттің жаңа конференц залы,  «Бұрғылап-аттыру жұмыстары» кабинеті, «Көлік ағынын зерттеу және басқару» зертханасы қазіргі заманауи материалдық-техникалық тұрғыда жабдықталған.

Шарада сөз сөйлеген университет ректоры Бауыржан Ердембеков: «Университетте 9 факультет бар, әр факультеттегі дәрісханалар, оқу кабинеттері заман талабына сай жаңартылып жатыр. Жалпы университетімізде  кабинеттердің ашылуы алты-жеті ай бұрын басталған болатын, біз кабинеттердің материалдық жағдайына көңіл бөліп, университетке келетін талапкер үшін барлық жағдайды жасаудамыз. Әрбір мамандандырылған мұндай оқу аудиториялары білім алуға өте ыңғайлы болмақ», — деді, өз сөзінде.

Одан соң техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрғазы Сауханов «Көлік ағынын зерттеу және басқару» зертханасының  алдағы мақсаты мен бағыттары жайлы таныстырып өтті.

Әрі қарай шараға жиналғандар «Бұрғылап-аттыру жұмыстары» кабинеті және  «Техникалық факультеті» конференц залымен танысты. Шара соңында факультет деканы Өтеген Сариев Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға Жұбанов университеті студенттерінің белсене қатысуларына жағдай жасағаны үшін университет ректоры Бауыржан Ердембековке Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қ.Бисеновтің Алғыс хатын тапсырды.