Воскресенье, Апрель 21, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде оқушылардың облыстық ғылыми жұмыстар байқауы өтті

Жұбанов университетінде оқушылардың облыстық ғылыми жұмыстар байқауы өтті

Жаратылыстану факультеті ұйымдастырған  «Экоэнергетика және ақылды технологиялар» тақырыбындағы оқушылардың облыстық ғылыми жұмыстар байқауына  Новый орта мектебінің, Мария Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының, Ж.А.Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектебінің, Петропавловка орта мектебінің, Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектебінің, №23 орта мектеп – лицей оқушылары қатысты.

Шара  алдында мектеп оқушылары факультеттің оқу-зертханаларымен, мұражайымен, ғылым апталығына орай жұмыс жасап жатырған  «Smart қалалар мен ғылым» фотокөрмесіменжәне факультеттің жетістіктер көрмесімен  танысты.

Оқушылардың ғылыми жобаларында экоэнергетикаға басым көңіл бөлінген, олар жел, су  энергиясына байланысты макеттер жасап, байқауға тыңғылықты дайындалып келді.

Байқау нәтижесі бойынша І орын Ж.А.Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары Аружан Қияш пен Қарлығаш Жұмабекке берілді. ІІ орынды Ж.А.Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Камшат Балай пен Новый орта мектебінің оқушысы Бауыржан Ерниязов иеленді. ІІІ орынға Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Әділет Тыныштықов, Мария Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының оқушысы Алтынай Сағынғалейқызы, №23 орта мектеп – лицей оқушысы Карина Оңдасынова жеңіп алды.

Факультет деканы Мұрат Махамбетов байқау жеңімпаздарын құттықтап, оларға дипломдар, сертификаттар табыстап, сыйлықтар тарту етті.

Сонымен қатар, байқауда  Петропавловка орта мектебінің оқушысы Юлия Романенкоға, Ж.А.Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Зере Байдрахманға, Ерназ Жұматовқа, Новый орта мектебінің оқушысы Ақжүніс Бақтығалиеваға, Жансүйген Сармырзаға арнайы грамоталар да тапсырылды.