Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кафедра Назарбаев зияткерлік мектебінде кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өткізді

Кафедра Назарбаев зияткерлік мектебінде кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өткізді

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының ұжымы Назарбаев зияткерлік мектебінде болып қайтты.

Назарбаев зияткерлік мектебінің болашақ түлектеріне кафедра өз мамандықтарын дәріптеп, Тонмен университетімен (Пусан, Оңтүстік Корея) бірлескен білім беру бағдарламасы (қос дипломды білім беру) туралы айтылды. Оқушылар аталмыш білім бағдарламасына қызығушылық танытып, осы білім бағдарламасы жөнінде туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.

Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру жұмысы барысында кафедра роботехника және Arduino платформасында программалау бойынша шеберлік-сағатаын өткізді.