Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Хабарландырулар > 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс өткізу туралы хабарландыру

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылғы 9 сәуірде 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс жариялайды.
Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың келесі басым бағыттары бойынша өткізіледі:
1. Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
2. Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын, геология ұтымды пайдалану. Қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар және конструкциялар.
Конкурстық құжаттама ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz сайтында орналастырылған.
Жауапты тұлға Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментінің бас сарапшы А.Қ.Өскенбаев болып табылады, телефоны 8 (7172) 55-59-73.
Конкурстық құжаттама және өтінім даярлау мәселелері бойынша түсініктемені мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7172) 55-59-73; 55-59-31.
Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ (is.ncste.kz) ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 222, 223, 224, 226, 227, 228, 232, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу үшін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қалыптастырылған қажетті құжаттар конвертпен (оның беттік жағында тиісті орында: жолдаушының мекен-жайы, заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә, конкурстың, ғылымды дамытудың басымдығы мен ғылыми зерттеулердің бағытының атауы көрсетіледі), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініне Астана қаласы 010000, Кенесары көшесі 36, қабылдау туралы хабарламамен пошта арқылы ұсынылады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарастырылады.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс
департаменті

+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

http://mgov.kz/2018-2020-zhyldar-a-arnal-an-ylymi-zertteulerdi-ba-darlamaly-nysanaly-arzhylandyru-a-arnal-an-konkurs-tkizu-turaly-habarlandyru/