Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Озық оқулықтармен оқытамыз

Озық оқулықтармен оқытамыз

Жаңа 100 оқулық

Рахым БЕКНАЗАРОВ,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында үздік кітаптарды шығару бастамасы ертеңгі сенімді қадамның бір нұсқасы. Бүгінде осы мақсатта арнайы «Ұлттық аударма бюросы» құрылғанына қуаныштымын. Және бір ерекшелігі, бұл оқулықтар алдағы уақытта латын әліпбиімен басылады деп жоспарланып отыр.

Жаһандық бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау — болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Оқулықтар кітап түрінде ғана емес, сондай-ақ электронды форматта да жарыққа шықпақ. Бұл студенттер үшін де өте қолайлы деп есептеймін. Студенттерді бірер жылдан соң әлемдегі ең үздік аударылған 100 оқулықпен оқытуды бастау  міндеті тұр. Жоба — әсіресе, жастарға тың серпін беретін басым бағыттардың бірі. Сондықтан әлемнің озық деген оқулықтарын аудару арқылы біз білім, ғылым саласындағы озық ойды жастардың санасына құйып, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тең ұлтты қалыптастырамыз.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=65178