Среда, Февраль 8, 2023
Басты > Жаңалықтар > Шетел тілдері факультетінің 100 студенті «Сауатты жазу» акциясына қатысты

Шетел тілдері факультетінің 100 студенті «Сауатты жазу» акциясына қатысты

Бүкіләлемдік Жаппай диктант немесе «Сауатты жазу» акциясына  алғашқы рет Жұбанов университетінің шетел тілдері факультетінің 1-3 курс студенттері арасынан 100 студент қатысты. Бұл диктант жыл сайын өткізіледі. Диктант мәтінін аталмыш факультеттің оқытушылары оқыды. Диктантты жазып болғаннан кейін арнайы құрылған комиссия диктанттың жазылуындағы студенттің сауаттылығын, орфографиялық және тыныс белгі қателерін анықтау мақсатында жазба жұмыстарды тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша жақсы, орташа және осал жазылған жұмыстар анықталды. Сонымен қатар ағылшын тілінің «although», «worse», «leave», «their» секілді сөздерін  жазу қиындық туғызғандығын айта кеткен жөн. Мұның себебі ағылшын тілінің сөздік қорында айтылуы осы сөздерге ұқсайтын бірақ жазылуы өзгеше сөздер мен айтылымдар санының көп болуы деп білеміз. Орын алған қиындықтарға қарамастан студенттердің көпшілігі диктантты өте жақсы деңгейде жазды және мұндай іс-шараларға тағы да қатысу ниеттері мен жақсы пікірлерін білдірді.

Алдағы уақытта жаппай диктант немесе «сауатты жазу» акциясы шетел тілдері факультетінде дәстүрлі түрде өткізілетін болады, өйткені аталмыш іс-шара студенттерге ағылышын тілінде өз білімдерін тексеруге, жазу және тыңдап-түсіну дағадыларын нығайтуға бірден бір тамаша мүмкіндік болып табылады.

Жаппай диктант 2018 жылы әлемнің 76 елінің 1000 қаласында жазылды.