Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Бүгін Жұбанов университетінде әнші Айгүл Иманбаева қонақта болды

Бүгін Жұбанов университетінде әнші Айгүл Иманбаева қонақта болды

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің  ұйымдастыруымен   «Сәті түскен сұқбат» дәстүрлі жобалық кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал эстрада әншісі, актриса Айгүл Иманбаевамен бірге шәкірті Аман Ғұмаров келді.

Кездесуге 150-ге жуық студент жастар және университет ұжымы қатысты.

Бұл жобалық кездесулердің мақсаты – әр түрлі саладағы белгілі тұлғалар мен жастарды жүздестіру. Олардың көкірегінде жүрген сұрақтарына жауап алу.

Кездесуде жастар Айгүл Иманбаеваға оның тұлғалық жан-жақтылығына, атап айтсақ, актрисалық, әншілік, тележүргізушілік, қызметтеріне байланысты сұрақтарды көп қойды. Сондай-ақ, жастарды Айгүл Серікқұлқызының балалық шағы да қызықтырды. Театр жайлы да сауалдар болды.

Қадірлі қонақ жастардың әр сұрағына толық, қызықты жауап берді. Кездесу соңында қонақкәде ретінде ол әншілерге пародия жасап,  шәкірті Аман Ғұмаровпен бірге «Таңғы елес»  әнін орындады.  Сонымен қатар, ақын   Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан  лирикалық өлең жолдарын оқыды.

Кездесу соңында студент жастар әнші-актрисамен естелік суретке түсті.