Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет емханасы талапкерлерді қабылдап жатыр

Университет емханасы талапкерлерді қабылдап жатыр

Жұбанов  университетінің Баспасөз қызметі бөлімі студенттік емхананың жұмыс барысымен танысқан болатын. Талапкерлер мен ата-аналарды толғандыратын мәселелерге байланысты Емхана меңгерушісінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Тукеева Анаргүл Ералықызымен әңгімелескен едік.

Анаргүл Ералықызы, алдымен талапкер үшін медициналық тексеруден өту жолдарын айтып өтсеңіз?

— Емхана жаңа оқу жылына талапкерлерді күн сайын сағат 8:30-дан кешкі сағат 17:00-ге дейін үзіліссіз қабылдайды. Әрбір талапкер алдымен тіркеу бөліміне барып, құжаттарын рәсімдеуі тиіс. Ол үшін жеке куәлігінің көшірмесі, 063 екпе картасының 2 дана көшірмесі, 3х4 суреті қажет. Талапкер қолына 086/Е нысандағы медициналық құжатты рәсімдегеннен кейін ретімен орналасқан емдеу кабинеттерінен қабылдаудан өтеді.

— Емхана талапкерлерді толық тексерістен өткізе алады ма?

— Әрине, Жұбанов университетінің емханасы толықтай қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Демек, талапкер оқуға түсу барысында толықтай медициналық тексерістерден өте алады.

Талапкер тек университеттің емханасынан тексеруден өтуі міндетті ме?

Жоқ, өзге облыс, аудандардан тексерістен өтіп келген талапкер Емханамыздан 086/Е нысанды картасын куәландырса болғаны. Сонда құжат тапсыруға толықтай жарамды болады деген сөз.

—  Жалпы, күніне қанша талапкерді қабылдайсыздар?

— Емхананың жұмысы тек қана талапкерлерді қабылдаумен шектеліп қана қоймайды. Сонымен қатар, университет қызметкерлерін, профессорлық-оқытушы құрамды медициналық тексеруден өткіземіз. Қызметкерлерден бөлек шамамен Емханамыз күніне 120-150 талапкерді тексеруден өткізіп отыр.

— Күнделікті осынша талапкер сонымен қоса қызметкерлерді қабылдайсыздар. Емхана дәрігерлері үшін ауырлық немесе қиындық туғызып жатқан жоқ па?

— Мүлде олай емес. Өйткені, біздің емхана дәрігерлері үшін бұл қалыпты жұмыс жағдайы. Сонымен қатар айта кететін жайт, Емханамызға келген әрбір талапкер кезекте уақыттарын көп жоғалтпау жағы да қарастырылған.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет емханасы талапкерлерді медициналық тексеруден өткізу үшін барлық жағдай жасалғандығы және кейінгі уақытта да Емхана студенттер денсаулығын сақтауға барлық көмегін көрсететініне сендіргім келеді. Университет ұжымы мен студенттеріне денсаулық тілейміз!

— Әңгімеңізге рахмет!