Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті мамандықтар фестиваліне қатысты

Жұбанов университеті мамандықтар фестиваліне қатысты

«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» мамандықтар фестивалі Маңғыстау облысында өтті.  Оған университеттің  педагогика факультетінің аға оқытушысы Ольга Сұлтанғалиева барып келді.

Фестивальге Маңғыстау облысының 120 мектебінен 330 түлек қатысты. Қалған шалғай мектептердегі түлектер жиынға онлайн режимде қосылды.

«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша бүгінгі күні Маңғыстау облысынан Жұбанов университетін таңдаған түлектер саны 180-нен асқан, олар көбіне техникалық, педагогикалық мамандықтарға  сұраныс білдірген.

Кездесу соңы әр университетің атынан ағаш отырғызу рәсімімен аяқталды.