Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Варшавада Қазақстан-Польша ректорларының форумы өтті

Варшавада Қазақстан-Польша ректорларының форумы өтті

 16-18 сәуір аралығында Варшавада ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Перспективы» білім беру фондымен және поляк техникалық университет ректорларының Конференцияларымен бірігіп ұйымдастырған Қазақстан-польша ректорларының форумы өтіп жатыр. Аталмыш форумға ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев пен Қазақстан ректорлары ұйымының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ректоры Ерлан Сыдықовтың басшылығымен ҚР Жоғары оқу орындарының ректорлары, сонымен қатар екі елдің білім беру ведомстволарының өкілдері, білім беру фондыларының басшылары, инженерлік бірлестіктердің өкілдері, бизнесмендер және тағы басқа ұйымдардың өкілдері қатысты.

ҚР делегациясы құрамында біздің университетіміздің ректоры, профессор Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлымен бірінші проректор, профессор Шүнкеев Қуанышбек Шүңкейұлы қатысуда. Форум бағдарламасы аясында алдағы ынтымақтастық бағыттарын анықтау бағытында екі жақ өкілдерінің ресми келіссөздері жоспарланған. Форум барысында жоғары технологиялық индустрияға кадрларды даярлаудың ең тиімді әдістерін насихаттау мәселелері талқыланды, жастарға білім беру жолын таңдап, академиялық әлем мен өнеркәсіп пен бизнес арасында байланыс орнатылды.

2018 жылдың 17-ші сәуірінде Варшавада жоғары оқу орындарының ректорларының Қазақстан-Польша форумы шеңберінде Инженерлік білім беру көшбасшыларының форумы басталды. Польша Республикасының ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Петр Мюллер және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев ресми мәлімдеме жасады.

«Жоғары технологиялар саласы үшін кадрларды дайындау» панельдік сессиясы аясында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры, профессор Б.А.Ердембеков «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Польша Республикасының серіктес жоғары оқу орындарымен ықпалдастыру» тақырыбында баяндама жасады. Ректор өзінің поляк әріптестерімен ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті. Ол: «Біздің университеттің поляк жоғары оқу орындарымен бірлескен жұмысы 2011 жылы басталды. Гданск университетімен және Быдгощ қаласындағы Экономика университетімен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Қазіргі уақытта біз Гданьск университетімен тығыз қарым-қатынас жасап жатырмыз. «Жаңа материалдарды алу технологиясын жасау» ғылыми зерттеу гранты шеңберінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тағы бір бірлескен жобаның аясында көп функционалды наноматериалдар алу үшін табиғи диатомитты байытуда эксперименттер жүргізілуде. Қазақстан Республикасындағы диатомиттердің қоры Ақтөбе облысында шоғырланған. Білім беру саласындағы бірлескен жұмыстың жалғасы Гданьск университетінің мамандарымен біздің университетімізде «Медициналық физика» жаңа мамандығын ашу қажеттілігі қарастырылып жатыр. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшада 30 студент білім алды. Біздің жемісті ынтымақтастықты ескере отырып, біз бұл көрсеткішті арттырғымыз келеді. Гданск университетінің ғалымдарымен (профессорлар Марек Гринберг, Адам Жагилло-Русиловский), Торун қаласындағы Николай Коперник атындағы университет (профессор Винийус Дроздовский) және Быдгощ экономика Университетімен (профессор Александр Скалий) біздің университеттің бірлескен жобаларының нәтижелері айтарлықтай екенін атап өту керек», — деді.

Сондай-ақ, университет ректоры өз сөзінде қоғамдағы жылдам өзгерістер мен Қазақстандағы инженерлік технологияларды жан-жақты дамыту, техникалық білімге және инженер мамандығына жоғары талаптар қоятындығын атап өтті.

Университет ректоры сөз соңында, поляк жоғары оқу орындарымен бірнеше жылдар бойы жемісті ынтымақтасқаннан кейін жаңа перспективалар ашылып, келесі қадамдар жасалуы мүмкін екенін атап өтті.

Форум қорытыдысында 2018 жылғы инженерлік білім рейтингтері қорытындысының салтанатты тұсаукесері өтті.

 

18 сәуірде қазақстандық делегацияның Варшава технологиялық университетіне сапары жоспарланған, онда Қазақстан Республикасының Польшадағы елшісі  М.Баймұханмен Қазақстан-поляк университеттерінің ректорлары баяндама жасайды. Кездесу Польша мен Қазақстан университеттері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қоюмен аяқталады.