Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін«ART-YURTA» тұңғыш халықаралық көрме байқауының салтанатты ашылуы өтті

Бүгін«ART-YURTA» тұңғыш халықаралық көрме байқауының салтанатты ашылуы өтті

Мұндай форматтағы шара Ақтөбеде Жұбанов университетінің ұйымдастыруымен  алғаш рет өтіп жатыр. Көрме-байқауға қазақстандық және шетелдік 13 университеттің: С.Г.Строганов  атындағы Мәскеу көркемсурет-өнеркәсіптік академиясының, И.Я.Яковлев атындағы Чуваш мемлекеттік педагогикалық университетінің, Кама өнер және дизайн институтының, Башқұрт мемлекеттік университетінің, Орынбор мемлекеттік университетінің, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, М.Өтемісов Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қазақ ғылыми-зерттеу институтының дизайнерлері мен суретшілері тілек білдірді. Сондай-ақ, АҚШ-тың Сиетл қаласынан 3 жұмыс, Қытай Халық Республикасынан 5 жұмыс түсті.  Көрме-байқаудың номинациясы бойынша барлығы – 150 өтініш қабылданды.

Қазылар құрамында дизайн және архитектура саласындағы алдыңғы қатарлы мамандар: «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі Б.Моменов «Дизайн» кафедрасының профессоры, мәдениеттану кандидаты М.Ж.Жақсығарина, «Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі М.С.Қорғанбеков, доцент Г.Қ.Сибағатова, доцент А.А.Сағымбаев, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі Қ.Р.Қобланов, Ақтөбе облысының бас архитекторы Е.Кенжалы, «Ақтөбе облыстық өнер музейі» ММ  директоры  М.Ғабдрахманов болды.

Дайындық жұмыстары барысында «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Ю.Н.Кузнецованың жетекшілігімен студенттер көрме байқаудың логотипі мен фирмалық стилін жасап шығарды.  Айта кету керек, Юлия Николаевна көрме-байқау жобасының авторы болып та танылады.

Көрме-байқау барысында Қазан және Орынбор мемлекеттік университеттерінің дизайнерлері шеберлік мектебін өткізді.  Ертең 20 сәуір күні  тағы бір шеберлік мектебі және екі дөңгелек үстел өтеді.

Байқаудың қорытындысы 5 номинация: графикалық дизайн-жоба; архитектуралық дизайн-жоба; арт-нысандар; көркем тоқыма  (гобелен, матамен кескіндеме, киіз, авторлық техника және т.б.); сурет және живопись бойынша  жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал, І дәрежелі диплом жеңімпаздарына ақшалай сыйлық табысталды.

Көрме-байқауды екі жылда бір рет өткізіп тұруға шешім қабылданды.