Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шеберлік сағатында жүннен моншақ жасау үлгісі көрсетілді

Шеберлік сағатында жүннен моншақ жасау үлгісі көрсетілді

Бүгін Жұбанов университетінде жүннен жасалатын ұлттық бұйымдардың жасалу технологиясын зерттеу, ескіні қайта жаңғырту, жүннен жасалатын бұйымдардың дайындалу əдістері мен олардың ерекшеліктері айтылған, заманауи сəн үлгісіне сəйкес бұйымды безендірудің жаңа əдісін анықтау мақсатында университетте кеше ашылған «ART-YURTA»  халықаралық көрмесі аясында «Жүннен жасалған әшекей бұйымдар» шеберлік сағаты өтті.

Аталмыш шеберлік сағатын «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Нұрсұлу Тналина жүргізді, шеберлік сағатында шетелдік қонақтар да болды. Нұрсұлу Халилқызы әшекей бұйым – әдемі моншақ жасап көрсетті. Шеберлік сағатқа қатысушыларға сертификат тапсырылды.