Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің ректорына Польша университетінің арнайы марапаты тапсырылды

Жұбанов университетінің ректорына Польша университетінің арнайы марапаты тапсырылды

Польша мен Қазақстан арасындағы халықаралық байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін Бауыржан Ердембековке бұл жоғары марапатты Быдгощь қаласындағы Экономика Университетінің басшылығы атынан профессор А.Скалий табыстады.

Екіжақты кездесу барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынастың басым бағыттары, ортақ бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жолдары, Эразмус+ бағдарламасы бойынша еуропалық жобаларға бірге қатысу, «Мехатроника», «Информатика», «Халықаралық туризм» және басқа мамандықтар бойынша қосдипломдық білім беру бағдарламаларын ашу, «Святко» поляк орталығымен байланысты нығайту, ғылыми әдебиеттер мен оқулықтарды поляк, қазақ тілдеріне аудару, поляк университетінде қазақ мәдениетінің орталығын ашу мәселелері жайлы талқыланды.

Быдгощь қаласындағы Экономика Университеті Жұбанов университетінің стратегиялық серіктесі болып табылады. Бұл университеттер арасында акадаемиялық ұтқырлық, қосдипломдық білім, шетелдік ғалымдарды шақыру, ортақ ғылыми жобалар мен жарияланымдар бағыттарында жемісті жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі кезде Жұбанов университетінің 6 студенті Быдгощь қаласындағы Экономика Университетінде қосдипломды бағдарлама бойынша білім алып жатыр. Оқулары аяқталған соң олар, «Спрот менеджері» санаты бойынша еуропалық үлгідегі диплом алатын болады. 20-дан астам студент аталған университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестрлік оқудан өтті. Жұбанов университеті студенттерінің білім алудағы көрсеткіштерін поляк оқытушылары жоғары бағалап отыр.