Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің Ғылыми кітапханасында ақын Гүлсамал Аймаханқызының жаңа кітабының тұсауы кесілді

Жұбанов университетінің Ғылыми кітапханасында ақын Гүлсамал Аймаханқызының жаңа кітабының тұсауы кесілді

Жергілікті ақын, сазгер, ҚР Жазушылар одағының және ҚР журналистер одағының мүшесі Гүлсамал Аймаханқызымен кездесу өтті.

Кездесуге  27 мектеп–лицейінің 9,11 сынып оқушылары және ұстаздары,  университеттің  «Қазақ әдебиеті» кафедрасының оқытушылары, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенттері қатысты. Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, «Ақтөбенің шамдары» әні шырқалды. Сондай-ақ, кездесуде ақынның «Ғарышнама» кітабының тұсаукесері болды.