Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Биыл Жұбанов университетінің  техникалық  факультетінің 6 мамандығы бойынша 400-ден астам түлек бітіреді. Соған орай, факультет түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде 15-ке жуық кәсіпорындар мен өндіріс орындарының өкілдері бос орындарын түлектер назарына  ұсынды. Олардың ішінде атап айтатын болсақ,  «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты», «СНПС-АТК» ЖШС, Ақтөбе техникалық колледжі, Халықты жұмыспен қамту орталығы, «Казавтодор» ЖШС, Ақтөбе облысы ІІД сияқты мекемелер де бар.

Жұмыс берушілер еңбек жолын бастауға құлшыныс танытқан түлектермен кеңес жүргізіп, бос орындарға жұмысқа тұруды ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша биылғы түлектердің 60 пайызы тәжірибеден өткен өндіріс ошақтарында жұмысқа қалуға ниетті.