Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Полиглот» студенттік клубы У.Шекспирдің туған күнін атап өтті

«Полиглот» студенттік клубы У.Шекспирдің туған күнін атап өтті

Кеше  шетел тілдері факультетінде «Полиглот» студенттік клубының кезектен тыс отырысы өтті. Бұл жолғы отырыс ұлы ағылшын ақыны және драматургы Уильям Шекспирдің туылған күніне арналды. У.Шекспирді әлемдік әдебиет қауымдастығы заманауи ағылшын тілі негізін қалаушы ретінде таниды. Клуб мүшелері Шекспирдің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ақпарат қарап, Шекспир сонеттерін түпнұсқада көркемдеп оқып, қазіргі таңда да өз құндылығын жоймаған қанатты сөздерін еске түсірді. Сонымен қатар, студенттер ұлы трагедия мен комедиялар авторы өмірінің қызықты тұстарымен танысты. Мәселен, оның алты түрлі қол қоюы, 23 сәуірде туылып, 23 сәуірде қайтыс болғандығы және т.б. Студенттерге тақырып қызықты және танымдық жағынан тиімді болды.