Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Түрік тілін оқыту курсы басталды

Түрік тілін оқыту курсы басталды

Түрік тілі оқыту курсы 2018-2019 оқу жылына арналған Түркия Республикасы «Мәулана» алмасу бағдарламасының гранттық конкурсына қатысушыларына арналып, арнайы ұйымдастырылып отыр.

Курсқа барлық гранттық конкурсқа үміткер оқытушылар мен студенттер қатысуда. Түрік тілі курсын түрік мамандары жүргізуде. Курсқа қатысушылардың тіл үйренуге деген құлшынысы өте жоғары деңгейде. Қазірдің өзінде курсқа қатысушылар түрік тіліне төселіп қалды.

Түрік тілін жеделдетіп оқыту арқылы студенттерге В1 — деңгейлік сертификаты беріледі. Курсты бітірген студент мамандығына байланысты оқуын  Түркияның жоғары оқу орындарында жалғастыра алады.

Сонымен қатар аталмыш курс академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары бойынша да білім алу мүмкіндіктеріне ие болуға септігін тигізеді.