Среда, Апрель 17, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Ақтөбе футбол клубының аруы» байқауы қорытындыланды

«Ақтөбе футбол клубының аруы» байқауы қорытындыланды

Жарысқа жасы 18-ден жоғары кез-келген ақтөбелік бойжеткен қатысу мүмкіндігіне ие болды. Финалға дейін қатысушылар екі кезеңнен іріктелді. Аруларды әлеуметтік желілерде жанкүйерлер дауыс беру арқылы таңдады. Көп ішінен таңдалып алынған бес ару «Ақтөбе футбол клубының аруы» атану үшін түрлі сынақтардан өтті. Сән үлгілерін көрсетіп, футбол туралы сауалдарға жауап берді. Қазылар алқасының жоғары бағасын 22 жастағы Эльвира Кидралина алса, екінші орын Венера Загрединова, ал үшінші орын Алина Валиеваға берілді. Жанкүйерлердің дауысы бойынша Дания Кулярканова үздік деп танылды. Ал «Креатив ару» номинциясын Айдана Жақасова иеленді. Барлық жеңімпазға бағалы сыйлықтар берілді.  Еске салсақ, бұл байқау 2014 жылы өткізілген болатын.

aktobetv.kz