Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қайырымдылық концерті өтті

Қайырымдылық концерті өтті

Бүгін Жұбанов университетінде «Бейнелеу өнері, кәсіптік және музыкалық білім» кафедрасының ұйымдастыруымен қайырымдылық концерт өтті.

Құрманғазының «Балбырауын» күнімен басталған концертте халық аспаптық ансамблі (жетекшісі өнертану ғылымдарының кандидаты А.И.Раимбергенов) «Гүлнар» би ансамблі (жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г.Мамбетова), вокал ансамблі (жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Айтимов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева), Қытай Халық Республикасы Іле педагогикалық университетінің академиялық ұтқырлық бағдарламасымен  оқып жатқан  студенттері өз өнерлерін көрсетті.

Қайырымдылық концертте сөз алған кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы Сабыржан Мұхтаров: «Қайырымдылық – ұлтымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Жұбанов университеті көптеген жұмыстарға ұйытқы болып келеді. Бүгінгі шара да соның жалғасы іспеттес. Осы шараға белсене атсалысқан профессор-оқытушыларымыз бен студенттерімізге алғыс айтамын», — деді.

Содан соң, «Бейнелеу өнері, кәсіптік және музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі Мергембай Қорғамбеков сөз сөйлеп, «Жақсылық пен игілікті жұмыстарға мұрындық болу – үлкен адамгершіліктің белгісі. Еліміздің болашағы  жастардың осындай жақсы істерге атсалысып, қатысуы үлкен жетістік деп ойлаймын», — деді.

Қайырымдылық барысындағы түскен қаражат ата-ана камқорлығынсыз қалған, жағдайы төмен отбасы мен мұқтаж студенттерге тапсырылды.