Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде жаңартылған білім мазмұны төңірегінде сөз қозғалды

Жұбанов университетінде жаңартылған білім мазмұны төңірегінде сөз қозғалды

Бүгін Жұбанов университетінде «Жаңартылған білім мазмұны: теория, практика, өзекті мәселелері» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның пленарлық отырысынуниверситеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Р.Бекназаров ашты. Ол конференцияға жиналғандарға университет ректоры Б.Ердембековтің құттықтау сөзін жеткізді.

Аталмыш конференцияға қатысу үшін жаңартылған білім мазмұны төңірегінен екі тілде 150 – ден астам мақала келіп түсті. Жиынның пленарлық отырысы кезінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Ш.М.Майгельдиева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Б.Т.Барсай, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ профессоры С.Е.Қаңтарбай, педагогика факультетінің профессор-оқытушылары және Ақтөбе қаласының мектептерінің ұстаздары баяндамалар жасады.

Пленарлық отырыс аяқталған соң педагогика факультетінің оқытушыларына арнап профессор Ш.Майгельдиева «Оқыту методикасы: оқытудың белсенді әдістері» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Ал Жаңақоныс орта мектебінің ұстаздары студенттермен оқушылардың өзіндік ойын қалыптастырудағы интербелсенді әдістерді пайдалану туралы шеберліктерімен бөлісті. Конфренция жұмысы 6 бағыт бойынша келесі секцияларда жалғасты: оқу іс-әрекетін ұйымдастырудағы инновациялық қағидалар мен тәсілдер, білім берудің психологиялық аспектілері, жаңартылған мазмұн аясындағы білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы, балаларға қосымша (мектептен тыс) білім беру, түзету педагогикасы, әлеуметтік жұмыс және өзін-өзі тану – педагогикалық ғылымның шектес салалары, жоғарғы мектеп педагогикасы – болашақ мамандарға білім беру және дайындаудағы құзыреттілік тәсілі.