Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жүзуден Ашық чемпионатта Жұбанов университетінің спортшылары жоғары көрсеткішке жетті

Жүзуден Ашық чемпионатта Жұбанов университетінің спортшылары жоғары көрсеткішке жетті

 

 Ағымдағы жылдың 24-27 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында жүзуден Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландиннің қатысуымен Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтті.

Іс-шараның салтанатты ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және жүзуден 4 дүркін Олимпиада чемпионы, 6 дүркін әлем чемпионы Александр Попов, Украйнаның жүзуден құрама командасының бас жаттықтырушысы Андрей Сердинов қатысты.

Аталған жарысқа Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультеті, дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенттері Камзенов Айбек, Камзенов Алибек және Коваленя Глеб қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Жарыстың бірінші күні 400 м кешенді жүзуден Камзенов Алибек І орын, 100 м брасс жүзуден Камзенов Айбек ІІ орын, 200 м шалқалап жүзуден Коваленя Глеб ІІ орын алды. Ал жарыстың екінші және үшінші күндері 50 м брасс жүзуден Камзенов Айбек ІІ орынға, 200 м кешенді жүзуден Камзенов Алибек І орынды, 4х50 аралас кешенді эстафетада Камзенов Айбек ІІ орынды, 4х100 аралас кешенді эстафетада Камзенов Алибек ІІІ орынды иеленді.

Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана мен Алматы қалаларынан және Ресей Федерациясынан барлығы 250-ге жуық спортшы қатысты.