Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаратылыстану факультетінде аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті

Жаратылыстану факультетінде аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті

Бүгін жаратылыстану факультетінде «Жаратылыстану және химиялық-технологиялық ғылымдарды дамытудағы жас ғалымдар үлесі» тақырыбында студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция бес бағыт: биологиялық ғылымдар, экологиялық ғылымдар, химиялық ғылымдар, химиялық-технологиялық ғылымдар, географиялық ғылымдар бойынша жұмыс жасады.

Конференцияның ашылу салтанатынан кейін факультет деканы М.Ж.Махамбетовтің модераторлығымен өткен пленарлық отырыста жаратылыстану саласын дамытуға бағытталған баяндамалар тыңдалды.

Конференция жұмысы әрі қарай 5 секция бойынша жалғасын тапты. Студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар бір – бірімен ғылыми жұмыстарымен тәжірибе алмасып, өздерінде қолданылатын тың идеяларын әріптестерімен бөлісті.

Жас ғалымдардың өзара пікір алмасып, байланыс орнатуына, бірлесіп зерттейтін ғылыми жобалардың көбеюіне септігін тигізетін бұл конференцияға С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті мен Ақтөбе автомобильді – жол колледжі, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі студенттері белсенді қатысты.

Барлық қатысушылар сертификаттармен және үздік жұмыстар дипломдармен марапатталды.