Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қадірлі әріптестер!

Қадірлі әріптестер!

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған, көктемнің көркем мерекелерінің бірі —

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің ең басты құндылығымыз тәуелсіздік деп, Елбасымыз ұлықтағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Осы күнге  дейін алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Ақтөбе облысы түрлі ұлтты тоғыстырған, ынтымағын жарастырған еліміздің ірі аймағы. Осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында еліміздің өркендеуімен бірге аймақ экономикасы да ілгерілеу үстінде.  Барша қазақстандықтар бұл күнде  алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етуде.

Еліміздің батыс аймағындағы тарихы терең, мақсаты мен мүддесі жаңашылдыққа бағыт алған – Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінде 20-дан астам ұлт өкілдері оқып жатыр. Олардың арасында қазақ, орыс, болгар, неміс, эстон, корей, кумык, лакец және т.б. бар.

Болашақта бізді бұдан да жарқын, баянды күндер күтсін деп тілеймін!

Отбастарыңыз аман, құт-берекелі, өмірлеріңіз бен еңбектеріңіз табысты болсын!

 

Құрметпен,

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры

Бауыржан Ердембеков