Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дөң кен-байыту комбинатына экскурсия жасалды

Дөң кен-байыту комбинатына экскурсия жасалды

Жұбанов университетінің «Экология» және «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттері мен магистранттары Хромтау қаласындағы Дөң кен-байыту комбинатына экскурсияға барды.

Экскурсия барысында комбинат мамандары студенттер мен магистранттарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, арнайы рұқсатнама беріп, комбинаттың жұмыс жасау барысымен хабардар етті. Сондай-ақ, Дөң кен-байыту комбинатының мамандары студенттер мен магистранттарды өндірістік алаңдарды аралатып, «Молодежный» шахтасы мен ашық карьерлер аймағына апарды.  Экскурсия кезінде  комбинаттың ағызынды суларды жинап, тазалайтын бекетіне барып, тазартылған судың бір бөлігі техникалық су ретінде комбинаттың қажеттілігіне пайдаланылса, екінші бөлігі  арнайы су қоймаға жіберілетіндігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жаратылыстану факультетінің студенттері мен магистранттары экскурсия жұмысына қызығушылықтары артып, комбинат  мамандарына алғыстарын жеткізді.