Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті  институциалды рейтингтің үздік ондығына (ТОП-10) енуді жоспарлайды

Жұбанов университеті  институциалды рейтингтің үздік ондығына (ТОП-10) енуді жоспарлайды

 

Бүгін Студенттер сарайында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Аталмыш жиынға облыс және қала әкімдігінің өкілдері, ғылыми кеңес мүшелері, профессор-оқытушылық құрам, демеушілер, жұмыс берушілер, студенттер және ата-аналар катысты.

Б.Ердембековтің айтуынша, 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2017 жылы білім алушылардың саны көбейген. 2016 жылы университет қабырғасында 9471 студент білім алған болса, 2017 жылы олардың саны 10 664 студентті құрады. 2018 жылы Жұбанов университеті оқуға қабылданатын студенттер санын 5000-ға жеткізуді көздеп отыр.

Ректор университетте бакалавриаттың «География-Тарих», «Тарих-Дінтану» жаңадан ашылған қосарланған мамандықтары бойынша қос дипломдық білім алу мүмкіндігі жайлы сөз етті. Үстіміздегі жылы бакалавриат мамандықтары бойынша 19 жаңа типтік оқу бағдарламаларына өтінім берілді. Айта кету кететін жайт, 2017-2018 жылы оқу жылы барлық мамандықтар мемлекеттік аккредитациядан өтті.

Сонымен қатар, университет басшысы оқу орынында магистратураның 12 мамандығы бойынша білім алу мүмкіндегін де атап өтті. Ол мамандықтар:  тарих, биология, бастауышта оқыту және әдістемесі, мектпеке дейінгі оөыту, орыс тілі, менеджмент, құқықтану, органикалық заттардың химиялық технологиясы, іскерлік басқару, металлургия, дене шынықтыру және спорт, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, шетел филологиясы.

Есеп беру кездесудің барысында ректор Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нәтижелерімен таныстырды. 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы Жұбанов университеті институциалды рейтингте 12 орында тұр. Айта кету керек, ағымдағы жылы осы рейтингтің үздік ондығына енуді жоспарлануда. Маман даярлау бағыттары бойынша рейтингте, білім беру бағытында да өзгерістер бар. 2016 жылы университет 5 орында тұрып, 2017 жылы 3 орынға иеленді. Гуманитарлық ғылымдар бығытында 2016 жылы 7 орыннан, 2017 жылы 3 орында орналасқан.

Содан кейін, Б.Ердембеков QS рейтингісіне ену кезеңдерімен таныстырды: QS веб сайты жасақталды, Лондон қаласында QS  өкілдерімен вебинар өткізілді, QS Web-қосымшалары құрылды, Оқытушылар және студенттер профилі жасалды, QS жүргізетін сауалнама үшін 400 сарапшылар мен жұмыс берушілердің тізімі ұсынылды.

QS World University Rankings рейтингі академиялық ортадағы жоғары оқу орындарының беделіне назар аударады. Сонымен қатар, алты көрсеткіш бойынша бағалайды: ғылыми-зерттеу жұымысы, оқыту, жұмыс берушілердің пікірлері және мансаптық потенциал, шетелдік студенттер мен профессор-оқытушылардың саны.

Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бойынша кеңейтілген жұмыс өткізілуде. Мысалы, көптілдік білім беру бағдарламасы бойынша 6 топта студенттер білім алуда және  білім берудің дуалды жүйесін жүзеге асыру үшін 27 Қытай компанияларымен меморандум жасалды. Сонымен қатар, 129 өндірістік кәсіпорындармен (СНПС «Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Восток Нефть және СО» ЖШС, «КАЗХРОМ» ТҰҚ АҚ, «Стройдеталь» ЖШС,  «КазТрансГаз өнімдері» ЖШС және т.б.) байланыс орнатылды.

Ғалымдардың шоғырлануы және ғылыми – зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру  бағытында ауданы 1200 ш. м., құны 246 млн тг. құрайтын, «Инновациялық технологиялар паркі», Металлургиялық пеш (Хром рудаларын балқытуға арналған), құны 85,5  млн. тг., «Matest» италияндық компаниясының құрылыс материалдары мен асфальтобетонды сынауға арналған зертханасы (құны 114,520 млн.тг.) бар.

«Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауына және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына  сәйкес, жемкорлыққа қарсы оқу процесіндегі ақпараттық ашықтықты дамыту, қызмет көрсетуді оңтайландыру, өзара сыйластық қарым-қатынас мәдениеті мен ортаны қалыптастыру мақсатында ашылған болатын. Бұл орталықта университетте жүріп-ақ оқу орнын растайтын анықтама мен мекен-жай анықтамасына шейн, бухгалтерлік есеп қағазынан бастап рұқсат қағазын беру  сияқты  30 қызмет түрі көрсетіледі. Аталған қызмет түрлерін тек қана студенттер ғана емес қызметкерлер де қолдана алады.

Кездесу барысында ректор  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2018 жылға жоспарланған шаралар туралы таныстырды. 2018 жылдың қыркүйек айында Стамбұл университетімен «Замануи түрік тілдерінде лингвистикалық процестерді зерттеу» атты біріккен 2 ғылыми жоба жасау, 2018 жылдың маусым айында студенттер мен облыстың мектеп оқытушыларына біріккен тарихи-археологиялық практика ұйымдастыру және т.б. жөнінде де айтып өтті.

Б.Ердембековтің айтуынша, 2018 жылы бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарларлануда. Мысалы, олар «Зерек» балаларды дамыту орталығы, «Мәңгілік ел» конференц-зал, кинотеатр, көрме залы, «ARSU» кафесі, медиа орталығы, ситуациялық орталығы, жылыжай, футбол алаңы және «Алаш арыстары» аллеясы.

Есеп беру кездесуі интерактивті түрде өтті. Университет басшысы қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап берді.