2018 жылдың 23-28 сәуір күндерінің аралығында шетелден ғалымдарды шақыру жоспарларына сәйкес, екі жоғары оқу орындары арасындағы келісім-шарт негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ресей федерациясы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Александр Рахмангулов техникалық факультетінде дәріс оқыды.
А.Рахмангулов техникалық факультет профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, нөлдік емес импакт-факторлы халықаралық ғылыми басылымдарда мақалалар жариялаудың оңтайлы жолдарымен таныстырды. Халықаралық конференциялар арқылы мақалалар жариялаудағы тиімді тұстарына тоқталып, өзі қызмет жасайтын оқу орнында бұл жобаның жоғары нәтиже беріп отырғанын айтты.
Сонымен қатар, техникалық факультет деканы Өтеген Сариевтің және «Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі Абзал Мухтаровтың басшылығымен екі жоғары оқу орыны арасында оқытушылар мен студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға, екі дипломды білім беру бағдарламасына оқу жоспарларын дайындау бойынша кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жоспардың артық және кемшілік тұстары талқыланды.