Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарих факультетіндегі «Ашық есік» күні

Тарих факультетіндегі «Ашық есік» күні

Жақында тарих факультетінде Ақтөбе облысының орта білім беретін мектептерінің бітіруші-түлектеріне кәсіптік бағдар беру бағытында «Ашық есік» күні өткізілді.

Бұл шараға қала мектептерімен бірге, Мұғалжар ауданның Жұрын ауылындағы Қ.Жұбанов атындағы мектеп оқушылары да қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға факультет дайындайтын мамандықтар жайында ақпарат беріліп, әр саланың маңызды тұстарына назар бағытталды.

Кездесуден соң мектеп бітіруші-түлектер факультеттің ішкі өмірімен танысып, тарихи мұражай жәдігерлері туралы мәліметтер алды.

«Ашық есік» күнінде, сондай-ақ факультет студенттерінің құрылған өнер тобы концерт қойды. Тарыхшы-студеттер мен мектеп оқушылар бірігіп интелектуалды ойындарда, білім жарыстарда қатысып, «Ашық есік» күнінде белсенділік көрсеткендер Алғыс хаттармен марапатталды.