Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Алға облыстық балалар үйі  өнерпаздары Жұбанов университетінде концерт қойды

Алға облыстық балалар үйі  өнерпаздары Жұбанов университетінде концерт қойды

Жас өнерпаздардың концертін тамашалауға университет ректоры Бауыржан Ердембеков те келді. «Бақытты балалық шақ» деп аталған концертте балалар жұртшылыққа танымал  ретро әндерін шырқап, қазақ, орыс ұлттық билерін орындады. Студенттер сарайына жиналған көрермен өнерлі өрендердің таланттарына ризашылық білдіріп, қол соғып, қошемет көрсетті.
Концерт соңында ректор Б.Ердембеков сөз алып, «Осымен екінші рет балалардың өнерін тамашаладық. Университет Алға облыстық балалар үйімен тығыз байланыста. Бүгін Ғылыми кеңестің шешімімен биылғы екі түлекке төрт жылдық тегін оқуға мүмкіндік беретін арнайы Құдайберген Жұбанов атындағы грантты бөліп отырмыз. Сонымен бірге бүгінгі концертте өнер көрсеткен балаларға әрі қарай таланттарын шыңдау үшін көмек ретінде  тағы да 250000 тенгенің сертификатын тапсырғымыз келеді,-деді.

«Алға облыстық балалар үйі» мемлекеттік мекемесінің директоры Кенжеғазы Байғазин көрсетілген құрметке алғысын айтып, оқу орнымен байланыс көп жылдардан бері жалғасып келе жатқанын, Жұбанов университеті мемлекет қамқорлығындағы балаларға ылғи да көңіл бөліп, олардың азаматтық жетілуіне қолдау көрсететінін атап айтты. Бүгінгі шараны педагогика факультеті ұжымы ұйымдастырды. Айта кету керек «Алға облыстық балалар үйі» келесі оқу жылынан бастап Ақтөбе қаласына көшірілетін болады. Сондықтан бұл концерт Алға қаласындағы балалар үйнің атынан қойылып отырған соңғы шаралардың бірі.

Балалардың бүгінгі өнер кеші рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына ықпал ететін әдемі кездесу ретінде есте қалатын болады.