Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мақсат — бітіруші түлектердің 90 пайызын жұмысқа орналастыру

Мақсат — бітіруші түлектердің 90 пайызын жұмысқа орналастыру

Бүгін Студенттер сарайында педагогикалық емес мамандықтар бойынша университет бітірушілерін жұмыспен қамту мақсатында 50-дан астам кәсіпорын және мекеме өкілдерімен кездесу өтті.

Университеттің педагогикалық мамандықтар бойынша биылғы бітіруші түлектері түгел жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Ендігі мақсат – білім бағытынан басқа мамандық иелеріне қызмет орындарын дайындауды толығымен жүзеге асыру.

Б.Ердембековтің кездесуге келген жұмыс берушілерге жастарды жұмыспен қамтамасыз ету ісінде көорсетіп отырған қамқорлықтарына алғысын жеткізіп, биыл университет өз алдына бітіруші-түлектердің 90 % орналастыруды көздеп отырғаның атап өтті. Түлектерді жұмыспен қамту өткен жылы көрсеткіші 75 % құраған.

Кездесуде техника, жаратылыстану, экономика, тарих, шетел тілдер факультеттерінің декандары болашақ мамандардың біліктілік сипаттамасы туралы мағлұматпен бөлісті. Осыдан соң жұмыс берушілер өз саласындағы жұмыспен қамтудың негізгі бағыттары туралы айтып берді, олардың ішінде ҚР Ақтобе облыстық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, Дәмелі Кунанова; «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы Асем Жолмұратова; Жұбанов университетінің түлегі, «ГидроЭкоРесурс-L» ЖШС директоры Ануар Ембергенов бар.

Кездесуден кейін шара бітіруші-түлектерді жұмысқа орналастыру жәрмеңкесімен жалғасты. Оның барысында екіжақты ұсыныстар төңірегінде пікір алмасылды, жұмыс берушілер бітірушілердің назар тудырған түйіндемелерін қарастыру үшін өздерімен алып кетті. Ал, «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»; «Мұнай-газ ісі»; «Металлургия»; «Таукен ісі»; «Құрылыс» мамандықтар бойынша түлектер арасынан жаңа қызметкерлерді тандау мақсатында «Қазхром»ТҰК» Акционерлік қоғамының филиалы- «Дөң кен байыту комбинаты» кадр бөлімінің басшысы Нурлан Қожаев және «Мұнай технолгиялық қызмет көрсету» компаниясының бас директоры Хау Цау Циян мырзалар университеттің техникалық факультетінде кездесу өткізді.