Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің «Биология» мамандығының магистранттары Оралда тағылымдамадан өтті

Жұбанов университетінің «Биология» мамандығының магистранттары Оралда тағылымдамадан өтті

Жаратылыстану факультеті «Биология» мамандығының 2 курс магистранттары 2018 жылдың сәуір айының 9-13 күндері аралығында Орал қаласындағы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті «Жаратылыс және география ғылымдары» факультетінің базасында «Биологиялық зерттеулердің методологиялық негіздері мен принциптері» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өткендігі туралы қорытынды конференциясы болып, есеп берді.  Ғылыми  тағылымдамадан өту барысында аталмыш факультеттің  профессорлық-оқытушылар құрамы  биология пәндері бойынша дәріс оқылып, зертханалық сабақтар, жаңа әдістемелер, тренингтер және мастер кластар жүргізген.  Сонымен қатар университеттің кітапхана қорымен танысып, өздерінің магистрлік диссертация тақырыптары бойынша қажетті ақпараттар жинаған.

Қорытынды конференцияда биология кафедрасының оқытушылары магистранттардың есебін тыңдап, сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Жалпы алғанда ғылыми тағылымдама нәтижесі болжанған жоспарға сай,  магистранттардың ғылыми тәжірибеден  ерекше ықыласпен өткендігі берілген есептен айқын байқалады.