Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қала оқушылары шетел тілдері факультетінде екі күн болды

Қала оқушылары шетел тілдері факультетінде екі күн болды

Ағымдағы жылдың мамыр айынының 3-4 күндері Жұбанов университетінің шетел тілдері факультетінде «Ашық есік» күндері және ҰБТ ағылшын тілін негізгі пән ретінде таңдаған мектеп бітірушілеріне арналған «Ағылшын тілінен олимпиада» өткізілді.

Іс-шаралардың басты мақсаты профильді таңдау үрдісінде және болашақ кəсіби қызметтің саласына оқушыларды кәсіби бағдарлауды қамтамасыз ету.

Ағылшын тілінен олимпиадада оқушылар білімі екі тур бойынша бағаланды: лексико-грамматикалық тест пен тыңдалым, ауызша тур.  Бірінші турға 115 оқушылар қатысты, оның ішінде 17 оқушы екінші турға өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орынды Шерхан Кистаубаев (№23 лицей); 2-орынды Дания Тлеуова (№17 гимназия); 3-орынды Ашим Бурибаев (№20 лицей) иеленді.