Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің студенттері Әлия мұражайының батырлар рухына тағзым етті

Жұбанов университетінің студенттері Әлия мұражайының батырлар рухына тағзым етті

Бүгін мерекелік шараға қатысты батырлар аллеясында Жұбанов университетінің педагогика факультетінің студенттері  Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе облыстық мемориалды музейімен біргелікте өткізген «Есімдері мәңгі есте!» атты облыстық батырларды еске алуға арналған мерекелік шараға қатысты.

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған бұл шараға ақтөбелік батырлардың ұрпақтары, қалалық әкімшілік басқармаларының  және облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, облыстық, қалалық қорғаныс Департаментінің өкілдері, ауған соғысына қатысқан жауынгер-интернационалистер, қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.

Шара брасында Ұлы Отан соғысы турасында деректер айтылып, қаза тапқан жауынгердерді еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар Кеңес Одағының Батыры Қ.Жазықовтың қызы Л.Жазыкова батыр атындағы мектеп атынан жоғары оқу орнында үздік оқып жатқан студенттерге Қ.Жазықов атындағы шәкіртақы куәлігін табыс етті.

Облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы К.Бірманов өз кезегінде шара ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Мерекелік шара соңында қазақтың батыр қызы, жерлесіміз Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым етілді.