Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «INVO» мүшелері ардагерлерге құрмет көрсетті

«INVO» мүшелері ардагерлерге құрмет көрсетті

Университеттің Халықаралық ынтымақтастық орталығы жанынан құрылған «INVO» еріктілер бірлестігі Ұлан Отан соғысының ардагері Жалмамбет Өтеш Төлегенұлын Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

«INVO» еріктілер бірлестігінің мүшелері Өтеш Төлегенұлының үйіне барып, ардагерді Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті. Студенттердің  ыстық ықыласына риза болған ардагер жастарға батасын беріп, бейбіт өмір тіледі. Сонымен қатар, сұрапыл соғыс жылдарындағы қан майданда өткен күндерінен естеліктер айтты.

Ардагермен әңгімелескеннен кейін «INVO» мүшелері Өтеш Төлегенұлы тұрып жатқан И.Тайманов көшесіндегі 7-ші үйге «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады» деген тақтайша орнатты.